«Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында шағын орталық тәрбиеленушілерімен танымдық-тағылымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың өрт қауіпсіздігі туралы түсініктерін қалыптастыру, төтенше жағдайда өзін-өзі дұрыс ұстауға үйрету және қауіпсіздік мәдениетін дамыту.
Іс-шара барысында балаларға өрттің шығу себептері (сіріңкемен ойнау, тоқ құралдарын дұрыс қолданбау, газ плитасына жақындау т.б.) түсіндірілді. «Өрт шықса не істейміз?» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, 101 нөміріне қоңырау шалу тәртібі үйретілді.





