КММ "Қарақамыс негізгі мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Көңілді басталған белсенді күн

Previous Next

Бүгінгі лагерь күні дәстүрлі түрде сергітетін таңғы жаттығудан басталды. Балалар көңілді музыка ырғағымен түрлі қимыл-қозғалыстар жасап, бойларын сергітіп, жақсы көңіл күймен күнді қарсы алды. Жаттығудан кейін ашық ауада қызықты қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды. Олар топқа бөлініп, «Кім жылдам?», «Доппен жарыс», «Қимылды эстафета» сынды ойындарға белсене қатысты.

Балалар ойында шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын көрсетті және достарымен бірлесе әрекет етуді үйренді. Осындай белсенді әрі қызықты күн балалардың денсаулығын нығайтып, көңіл күйін көтеріп, лагерь өмірін жарқын ете түсті.

Записаться на прием