КММ "Қарақамыс негізгі мектебі"
Ресми интернет-ресурс

"Қоршаған әлемді зерттеймін" квест ойыны

Previous Next

Бүгін лагерьде балалар үшін қызықты әрі шытырман квест-ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар топтарға бөлініп, әр бекетте жасырылған тапсырмаларды орындай отырып, сырлы белгілер мен жұмбақтардың шешімін іздеді. Ойын барысында балалар логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және топпен бірлесе әрекет ету дағдыларын көрсетті.

Квест соңында барлық қатысушылар «Құпия қазынаны» тауып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Бұл күн балалар үшін нағыз шытырман оқиғаға толы көңілді әрі танымдық сәттермен есте қалды.

Записаться на прием