«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сай болуы тиіс. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үштен асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Түсі ашық емес және тыныш реңктерден таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі. Ол күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейдені (қысқы кезеңде: тоқылған жилет, водолазка) қамтиды. Ұлдарға арналған шалбар кең тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузканы (қысқы кезеңде: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) қамтиды. Қыздарға арналған шалбар кең тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Ұлдарға арналған мерекелік форма күнделікті формаға ақ жейдені, ал қыздар үшін ақ блузканы қосу арқылы жасалады.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма: спорттық костюмді (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киімді (кроссовки, кеды) қамтиды.
Новости
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.
Просмотров: 16





