Жаңа жыл- бұл ғажайыптар мерекесі, асқақ армандардың орындалуы, қуаныш, жылы жүздесулер мен көптен күткен сыйлықтардың уақыты. 24.12.2024 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің атынан Солтүстік Қазақстан облысында "Қош келдің, Жаңа жыл!" жаңа жылдық шыршасы өткізілді. КММ "Қарақамыс негізгі мектебінен" 6-сынып оқушысы Қапсат Аружан барып, планшет, кітап, тәтті сыйлықтарын алды. 25.12.2024 жылы Президенттік (аудандық) жаңа жыл шыршасына мектебіміздің
6-сынып оқушысы Темірхан Асыл барып, бағалы сыйлық және тәттіге толы қапшығын алды. Сонымен қатар ауылымыздың белсенді азаматтары Уалиев Ж.А., Шукеев Б.Н. екі жүз қырық екі мың теңге көлемінде тәтті сыйлықтарын беріп, демеушілік жасады. Аяз атаның қалташығына қамқоршылық кеңес мүшелерінің атынан Тлеубаев Талғат, Бегенбаева Арайлым тәтті кәмпиттерін әкеліп, демеушілік жасады, ауылымыздың белсенді азаматтарына алғысымызды білдіреміз.