ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Балалардың өмірі мен денсаулығы еңалдымен ересектердің жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты.
Төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаңсақтауыңызды сұраймыз.
►СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ
● Балаңыздың көңіл күйіне жәнепсихологиялық жағдайына күн сайын назараударыңыз.
● Баламен сенімді қарым-қатынасорнатып, оның мәселелерін мұқияттыңдаңыз.
● Мінез-құлқындағы өзгерістерді(тұйықталу, өмірге қызығушылықтыңтөмендеуі, өлім туралы әңгімелер, көңілкүйдің күрт өзгеруі) назардан тысқалдырмаңыз.
● Дәрі-дәрмектерді, өткір және қауіптізаттарды балалардың қолы жетпейтін жердесақтаңыз.
● Қауіпті белгілер байқалған жағдайдапсихологтың, педагогтің немесе дәрігердіңкөмегіне дереу жүгініңіз.
►СУҒА КЕТУДІҢ АЛДЫН АЛУ
● Балаларды өзен, көл, бассейн жәнебасқа да су айдындарының маңындақараусыз қалдырмаңыз.
● Тек арнайы жабдықталған әрі рұқсатетілген орындарда ғана шомылыңыз.
● Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерінтүсіндіріңіз.
● Қайықпен немесе басқа жүзуқұралдарымен жүргенде құтқару кеудешесінпайдалануды қамтамасыз етіңіз.
● Балалардың су айдындарынаересектерсіз баруына жол бермеңіз.
►БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
● Кішкентай балаларды терезесі ашықбөлмеде қараусыз қалдырмаңыз.
● Терезелерге арнайы қорғанысқұлыптарын немесе ашылуын шектейтінқұрылғылар орнатыңыз.
● Терезенің жанына бала шығып кетуімүмкін жиһаздарды қоймаңыз.
● Москит торы баланы құлауданқорғамайтынын және оның салмағынкөтермейтінін есте сақтаңыз.
● Балаларға терезе мен балкон маңындаойнаудың қауіпті екенін үнемі ескертіпотырыңыз.
► КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ БАСҚАРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Кәмелетке толмаған балаларғаавтокөлікті, мотоциклді, мопедті, скутердіжәне басқа да көлік құралдарын жүргізушікуәлігінсіз басқаруға рұқсат бермеңіз.
Көлік құралдарының кілтін балаларғабермеңіз.
Көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқаруадамның өмірі мен денсаулығына қауіптөндіретінін және заңнамаға сәйкесжауапкершілікке әкелетінін түсіндіріңіз.
Баланың қайда жүргенін және кімдерменараласатынын бақылауда ұстаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Ата-ананың қамқорлығы, қырағылығыжәне жеке үлгісі – баланың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАҢЫЗ!
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті





